• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Медицина 05 Ақпан, 2021

Жамбыл облысында сүт безі қатерлі ісігі бірінші орынға шыққан

306 рет
көрсетілді

Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Абай Нұржанов өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында брифинг өткізіп, бүгінде облыста обыр ауруының үлес салмағы бойынша сүт безі қатерлі ісігі бірінші орынға шыққанын айтты.

Оның айтуынша бұл 12,2 пайызды құрап отыр екен. Ал, екінші орында 10,0 пайыз өкпенің қатерлі ісігі, асқазан қатерлі ісігі 8,5 пайыз, тері қатерлі ісігі 7,9 пайыз, жатыр мойны қатерлі ісігі 5,2 пайыз, тоқ ішек пен тік ішек қатерлі ісігі 4,7пайыз болып отыр.

Брифинг барысында бас дәрігер аурудың өткен жылғы көрсеткіштеріне де тоқталды. Өткен жылы облыста обыр аурымен тіркеуде тұрғандар саны 7652-ге жеткен. Ал, 2019 жылы 7360 болған. «2020 жылы қатерлі ісік алғашқы рет анықталған аурулар саны 1414-ті құраса, 2019 жылы 1550 болған. Ал,аурушаңдық көрсеткіші 124,2 болды. Яғни, аз да болса оның төмендегені байқалады. Өлім көрсеткішіне келсек, облыс  бойынша 2020 жылы 768 ауру қайтыс болып, өлім көрсеткіші 100,0 мың адамға шаққанда 67,4-ті құрады. 2019 жылы 743 адам қайтыс болып, өлім көрсеткіші 66,0-ті құрды. Өлім көрсеткішінің аздап көтерілгені байқалады. Оның себебі есепте тұрған аурулардың көбеюіне байланысты деп есептейміз», деді бас дәрігер Абай Нұржанов.

Өткен жылы өңірде қатерлі ісікпен алғаш рет ауырған 1414 адамның  58,2 пайызы сырқаттың I және II сатысында екені анықталды. Егер бұл науқастар қажетті емді уақтылы алса, жазылып кету мүмкіндігі жоғары екен. Айта кетейік, елімізде190 мың 159 адам онкологиялық аурумен есепте тұрады. Оның ішінде Республика бойынша 33 537 адам аталған аурумен алғаш рет ауырған. Жиын соңында дәрігер тұрғындарға аурудың алдын алу үшін тұрақты түрде тексеріліп тұруға кеңес берді.