Қазақстанда 25 – 31 қаңтар аралығында коронавирус инфекциясынан 64 адам қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
Өңірлер бойынша:
Алматы қаласында - 23;
Павлодар облысында - 8;
Алматы облысында - 6;
Қарағанды облысында - 6;
Нұр-Сұлтан қаласында - 4;
Шымкент қаласында - 4;
Ақмола облысында - 3;
Шығыс Қазақстан облысында - 2;
Батыс Қазақстан облысында - 2;
Қостанай облысында - 2;
Атырау облысында - 1;
Жамбыл облысында - 1;
Маңғыстау облысында - 1;
Қызылорда облысында - 1.
Жалпы пандемия басталғалы елімізде коронавирус 192 825 адамнан анықталса, оның 173 659-ы жазылып шықты. Қайтыс болды – 2540 науқас.