6 ақпандағы мәлімет бойынша, 27 200 адам короновирус инфекциясынан емделуде. Бұл туралы Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«27 200 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 5 684 пациент стационарда, 21 516 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда», - делінген хабарламада.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 271 адамның жағдайы ауыр;
• 47 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 47 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.