• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Ақпан, 2021

Қызылордалық алаяқ екі кәсіпкерден 1 200 000 теңге ақша алған

549 рет
көрсетілді

Қызылордада Кәсіпкерлерді қолдау орталығындағы конкурсқа қатысуға рұқсат алып беру туралы уәде еткен алаяқ екі кәсіпкерден 1.200 000 теңге ақша алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 ақпан күні Қызылорда қаласының Полиция басқармасына қаланың екі тұрғынынан бірдей сипаттағы арыздар түскен. Олар арыздарында бір азаматтың 2020 жылдың қыркүйек айында Кәсіпкерлерді қолдау орталығындағы конкурсқа қатысуға рұқсат алып беру үшін олардың әрқайсысынан 600 000 теңге алғанын көрсеткен.

Полиция қызметкерлері өткізген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде осы қылмысты жасаған бұрын сотты болған 34 жастағы азамат анықталып, ұсталды. Ол облыс орталығының тұрғыны екені белгілі болды. Қазіргі таңда күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1,3-бөліктерімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.