Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 ақпандағы №27 Қаулысына сәйкес жаңа Бірыңғай байланыс орталығы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Бірыңғай байланыс орталығы ретінде анықталсын», делінген құжатта.
Қаулы 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап өз күшіне енеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Бірыңғай байланыс орталығы ретінде анықталған болатын.