Елордалық алаяқ Жаңаөзен тұрғынынан жұмысқа тұрғызу үшін 4 млн теңге ақша алған, деп хабарлайды Еgemen.kz
Жақында Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызбен жүгінеді.
Оның айтуынша, басқа қаладан келген ер адам оны жұмысқа орналастыруға уәде беріп, көмегі үшін одан алдын ала 4 млн теңге ақша алған. Алайда уәде етілген жұмысқа орналастыру туралы мәселе шешілмегендіктен, қала тұрғыны алданғанын ұғып, полицияға шағымданған.
Жедел уәкілдер осы іске қатысы бар деген күдікпен Нұр-Сұлтан қаласының 41 жастағы тұрғынын анықтап, аталған азамат полицияға жеткізілді.
Қазір тіркелген факт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Аида ОРАЛБЕК