• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Ақпан, 2021

Көктемде үй жиһаздары қымбаттауы мүмкін

200 рет
көрсетілді

Бұған шикізаттың жетсіпеушілігі себеп. Салдарынан көктемде баға аспандап кетуі ғажап емес. Елде ипотекалық несиелеуге сұраныс артқаны белгілі, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Шикізаттың жетіспеушілігі бізде ғана емес, экспорттаушы елдерде де байқалады. Тіпті Ресей ағаш өнімдерін сыртқа шығаруға тыйым салмақшы.

Отандық жиһаз өндірушілер былтырдан бері материал тапшылығын сезініп отыр. Өйткені елде шикізат жоқ. Қажет жабдық түгелдей Ресей мен Беларусьтан алынатын. Ал көршілес кәсіпорындар күзден бері нығыздалған ағаш жаңқасының бағасын екі есе көтеріп жіберген. Бұл туралы жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының президенті Қанат Ибраев айтты. Ол бір жылда тауар тасымалы 10 мың тоннаға дейін азайды дейді. Енді сарапшы көктемде дайын өнімнің құны 35, тіпті 50 процентке дейін қымбаттайтынын болжап отыр. Оның үстіне қазір Ресей билігі нығыздалған ағаш жаңқасының экспортына тыйым салмақ. Тығырыққа тірелген кәсіпорындарға қолдау көрсетпесе, банкротқа ұшырауы бек мүмкін. Қазірдің өзінде жиһаз шығарушылардың 60 проценттен астамы көлеңкелі нарыққа ауып кеткен. Олар мемлекеттік сатып алудан гөрі бөлшек саудаға ден қойып отыр. Бүгінде 900 кәсіпкердің 300-і ғана мемлекетке салық төлейтін көрінеді. Қанат Ибраев мемлекеттік бағдарламалар енді орындалмай қала ма деген күдігін жасырмайды. Себебі олар былтырғы бағамен рәсімделген. Ал қазіргі баға мүлде басқа дейді сарапшы.  

– Мемлекет кәсіпорындарды қолдаса екен. Мысалы, Ресейдегі ағаш өңдеу комбинаттарының бірін орман учаскесімен бірге сатып алуға тырысу қажет. Тіпті болмаса, Қазақстан үшін кепілдендірілген квоталық режим енгізсе жақсы болар еді. Үкімет деңгейінде келісім жасалса деген ұсынысымыз бар. Дегенмен бұл жағдайда да логистика мен баға тұрақты болмасы анық, – дейді ҚР жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының президенті Қанат Ибраев

Павлодарда жиһаздың тиісті өлшемі 80 мың теңгеден басталады, Ақтөбеде 90 мың теңге, ал Нұр-Сұлтанда 100 мың теңгеге барады, Петропавлда да осы баға. Оралдағы құн 110 мың теңге, Шымкентте 110 мың теңге болады.