• RUB:
    5.58
  • USD:
    474.72
  • EUR:
    515.17
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Ақпан, 2021

Ел азаматтары мен шетелдіктер үшін шекараны кесіп өту жиілігі 3 есеге ұлғайтылды

189 рет
көрсетілді

ҚР аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2 ақпанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібіне өзгерістер енгізді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.

«Шекара маңы аудандарында эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты 2021 жылғы 2 ақпаннан бастап ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібіне бірқатар жеңілдіктер енгізілді.ҚР азаматтары үшін, сонымен бірге шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін де шекараны кесіп өту жиілігі 3 есеге (90 тәулікте 1 реттен 30 тәулікте 1 ретке дейін) ұлғайтылды.Ерекше жағдайларда: емделуге, оқуға бару, қызметпен, отбасы мүшелерін жерлеуге, отбасындағы жағдайы ауыр науқасқа күтім жасау, жолаушы тасымалы, халықаралық тасымал үшін шектеу жоқ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша тікелей әуе қатынасы қайта қалпына келген (тұрақты, тұрақты емес чартерлік рейстер) мемлекеттерге шетелдіктердің шығуына, Қазақстан Республикасының аумағына кіруіне/аумағы арқылы транзитпен өтуіне рұқсат етіледі», деді министр.