Қазақстанда Қарағанды фармацевтикалық кешені шығаратын «Гам-КОВИД-Вак» («Спутник V») вакцинасын жеткізу және пайдалану жоспарлануда. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой брифинг барысында мәлімдеді.
«Қазірдің өзінде 90 мың доза көлемінде бірінші партияның өндірісі басталды, ол Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына және одан әрі өңірлерге ақпан айының соңына қарай жөнелтіледі. Шілде айына дейін өндіріс көлемі 2 млн дозаға жетеді», деді министр.