• RUB:
    5.58
  • USD:
    474.72
  • EUR:
    515.17
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Ақпан, 2021

Алексей Цой тек отандық вакцинаны салдыратынын айтты

356 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тек қазақстандық вакцинаны салдыратынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

«Қазақстанда вакциналауға жіберілген барлық екпелер тексерілген әрі қауіпсіз болып саналады. Өздеріңіз білесіздер, ресейлік «Спутник V» келді, Денсаулық сақтау министрлігі бойынша және өңірлердегі әріптестеріміз, сондай-ақ медициналық қызметкерлер вакцинаны салдырып жатыр. Бұл вакцина тиімді және қауіпсіз саналып отыр. Сонымен қатар Қазақстанда «QazCovid-In вакцинасы дайындалып жатыр. Оның технологиясы өзгешелеу. Бізде оған қатысты зерттеулер айрықша бақылауда тұр. Қазіргі кезде клиникалық зерттеудің соңғы үшінші фазасы жүріп жатыр, 3 мың ерікті екпе салдырды», деді министр

Осы орайда ол отандық вакцина бойынша жақсы нәтиже болып отырғанын жеткізді.

«Денсаулық сақтау министрі ретінде қазақстандық вакцинаны қолдағым келді. Вакцина шыққан кезде, яғни бізде ресми түрде жіберілгенде алғашқылардың қатарында оны салдырамын», деді Алексей Цой.