ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының Сараптама комиссиясы Гам-КОВИД-Вак вакцинасы қауіпсіз, сапасы мен тиімділігі жоғары деген қорытынды шығарды.
Яғни, Қазақстан ресейлік “Спутник V” вакцинасын тіркеген 27 ел.
Қазақстан Республикасында өндірілген COVID-19 коронавирусқа қарсы вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеудің бекітілген қағидаларына сәйкес Сараптама комиссиясы Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығының, медицина, биология, микробиология, иммунология және эпидемиология саласындағы медициналық және бейінді ұйымдардың мамандары мен сарапшыларынан, сондай-ақ биоэтика жөніндегі орталық комиссияның өкілдерінен құрылды.
2021 жылғы 15 ақпанда Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті ДЗСҰО-ның 2021 жылғы 13 ақпандағы қорытындысы негізінде Гам-КОВИД-Вак вакцинасына тіркеу куәлігін берді.
“Вакцинаны тіркеу нәтижесінде коронавирус инфекциясының алдын алу үшін халықты жаппай вакцинациялауға және ұжымдық иммунитет қалыптастыру процесін жеделдетуге мүмкіндік туады”, - деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.