• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 16 Ақпан, 2021

Нұр-Сұлтандағы тұрғын үйдің төбесінде әлдекім құрбандық шалмақ болды

399 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласында салынып жатқан биік қабатты үйдің төбесіне кранмен сиырдың шығарылуына қатысты оқиғаның мән-жайы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, мониторинг жүргізу барысында елордалық полицейлер сиырды мұнара кранымен көтеру фактісін анықтады. Оқиға 15 ақпан күні сағат 11:30-да Ж.Нәжімеденов көшесінде салынып жатқан тұрғын үй кешенінде болған.

Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық қатысушыларын анықтады. Аталған факті бойынша тексеріс жүргізілуде. ҚР заңнамасына сәйкес шара қолданылады. Салынып жатқан аталған құрылыс учаскесінің бастығы Олжас Есеналин сиырды құрбандыққа шалып, етіп мұқтаж адамдарға таратпақ болғандықтарын айтады.