• RUB:
    5.58
  • USD:
    474.72
  • EUR:
    515.17
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Ақпан, 2021

Алматыда өртеніп жатқан пәтерден ер адам құтқарылды

118 рет
көрсетілді

Алматылық өрт сөндірушілер өртеніп жатқан пәтерден ер адамды құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрттің тұтануына темекі тұқылы себеп болған.

«Кеше сағат 21:47-де Бөгенбай батыр көшесі, 305 мекен-жайы бойынша өрт туралы хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер келген кезде екі қабатты үйдің екінші қабатындағы пәтер жанып кеткен. Терезе тұсында тұрған 1988 жылғы ер адам көмек сұрады. Үш иінді өрт баспалдағының көмегімен 33 жастағы ер адам құтқарылды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт сөндірушілер келген сәттен бастап, қызыл жалын 13 минут ішінде ауыздықталды», деп түсіндірді ведомствода.