• RUB:
    5.58
  • USD:
    474.72
  • EUR:
    515.17
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Ақпан, 2021

Жыл сайын екі мыңнан аса көлік өрті тіркеледі

272 рет
көрсетілді

Елімізде жыл сайын орташа есеппен автокөлік құралдарында 2 мыңнан астам өрт тіркеледі, деп хабарлайды Egemen.kz

Тек 2020 жылдың 12 айында автокөліктерде  2 216 өрт орын алды, шығыны 618 млн теңгені құрады.

2021 жылдың қаңтар айында автомобиль көлігінде 210 өрт болды, оның шығыны 88 млн.теңгені құрады. 2020 жылдың ұқсас кезеңінде өрттер саны 2 есе артты (2020 ж. – 110), материалдық залал 5  есе өсті (2020 ж. - 15 млн.теңге).

Автокөліктегі өрттердің негізгі үлесі жеңіл көлікке тиесілі, атап айтқанда 187 жағдай немесе көліктегі өрттердің жалпы санының 89%-ын құрайды.

Өрттердің жалпы санының 15-20%-ын автокөлік құралдарындағы өрт құрайды және соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй секторындағы өрттерден кейін жиілігі бойынша тұрақты екінші орынды алады.