• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Наурыз, 2021

Қайырымды да батыл жандар құрмет төрінде

507 рет
көрсетілді

Өзгенің қайғысын бөлісуге, риясыз көмекке дайын, игі істердің бастаушысы болатын жандар аз емес. Мейірімді, бауырмал, қайырымды, жомарт адамдар – кез келген қоғамның негізгі тірегі. Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы «Қайырымдылық керуені» республикалық байқауын үшінші жыл қатарынан ұйымдастырып жатыр. Аталған іс-шараға Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты. Байқау қайырымдылық идеяларын насихаттауға, белсенді азаматтық бастаманы дамытуға бағытталған.

Жобаға қатысушылар ара­сын­­да ұдайы мұқтаж адам­дар­ға кө­­­мектесіп, эко­ло­гия­лық мә­се­­­лелерді шешіп, әлеу­мет­­­­­тік кәсіпкерлікті жү­зе­ге асы­­­рып жүрген түрлі са­­ла­да қыз­мет ететін кәсіп­кер­лер, қо­ғамдық ұйым өкілдері, бі­­лім беру саласының маманда­ры, ерекше қажеттіліктері бар адам­дар, құқық қорғау орган­да­рының қызметкерлері, журналистер мен блогерлер бар. Дәстүрлі түрде байқау жеңім­паздарының есімдері бес аталым аясында анықталады: «Асар», «Туған жер», «Мейірім жолында», «Батыл жүрек», «Қайырымдылық тарихы». Алайда биыл комиссия мү­ше­лері тағы екі номина­ция – «Бала жүрегі» және «Жануарға ме­йірім» аталымдарын та­ға­йындау туралы шешім қа­был­да­ды.

Байқаудың маңызын атап өткен Нұрсұлтан Назар­баев қорының директоры Дариға Назарбаева бай­қау­ға қатысуға ниет еткен мейірімді, қа­йы­рым­ды адам­­дар­дың саны жыл сайын көбе­йіп келе жат­қанына назар аударды. Алғашқы байқау ұйымдас­ты­рыл­ғаннан бергі үш жылда қатысушылар саны жеті есеге артып, 2020 жылдың өзінде 667 адамды құраған.

– Биылғы «Қайырымдылық керуені» ерекше. Коронавирус пандемиясы, карантиндік шектеулер әрқайсымыздың өмірі­міз­ге әсер етті. Бүгінгі шараға қаты­су­шылар арасында осы қиын-қыстау кезеңде өз күші мен мүмкіндігін аямаған жандарды ерекше атап өткім келеді, – деді қор директоры.

Қор жетекшісінің айтуынша, әрбір оқиғаның артында адам басына түскен қайғы мен мұң, мейірімділік пен махаббат тұр. Мейірімділік пен ын­тымақтастық бірлескен кезде, төтеп бере алмайтын қиындық болмақ емес.

«Байқауға қатысушылар өзге­лерге жақсылық жасаудан ләззат табатын, өмірге құш­тар, кең жүректі жандар. Олар өздерінің жарқын іс-әрекет­те­рімен өскелең ұрпаққа үлгі болып қана қой­май, мейірімді болуға ын­талан­дырады», деді Дариға Нұрсұлтанқызы.

Жеті аталымның әрқайсысы бойынша жеңімпаздар мен жүл­дегерлер анықталды. Соны­мен қатар жүлделі орындарға ие болмаған үздік финалистер ынталандыру сыйлығын ие­ленді. Атап айтқанда, «Асар» номинациясы бойынша – қазақстандық және шетелдік қоғам арасында ұлттық қолөнер бұйымдарын дайындау дәстүрін танымал етуге қосқан ерекше үлесі үшін Семей қаласынан Абылайхан Асылбайға тапсырылды. «Туған жер» номинация­сы – көп балалы отбасыларға көмектескен, сондай-ақ коронавирус пандемиясы кезінде адамдарды құтқаруға атсалысқан (17 млн теңгеге 185 ӨЖЖ аппараты, дәрілік заттар сатып алынды, медициналық қызметкерлерді тамақтандыру ұйымдастырылды) Семей қала­сының тұрғыны Дәурен Күл­дішевке, ал «Батыл жүрек» номинациясы – 4 жастағы баланың бауырын ауыстыруға донор болған Қостанай облы­сының тұрғыны Алексей Сычуговқа, «Мейірім жолын­да» номинациясы – көп бала­лы және аз қамтылған отбасыларға тұрақты негізде материалдық көмек көрсеткені үшін (Қор 20 мыңнан астам отбасыға көмектесті, 100 тоннадан астам азық-түлік таратты) Нұр-Сұлтан қаласының «Шапағат» қайырымдылық қорына берілді. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының «Сырым елі» қоғамдық-саяси газеті «Қайырымдылық тарихы» номинациясы бойынша үздік деп танылды. Басылым облыс тұрғындарының проблемаларын жариялап, оны шешуге септігін тигізеді. Газеттің белсенді позициясы арқылы 13 оттегі концентраторы мен дәрі-дәрмектер, екі отбасына үй сатып алынды. Ал «Бала жүрегі» номинациясында Батыс Қазақстан облысынан келген 16 жастағы Дана Өтебаева үздік атанды. Марапат өрт кезінде 3 баланы құтқарудағы ерен ерлігі үшін берілді. «Жануарға мейірім» номинациясында Өскемен қаласынан келген Борис Щербаков атап өтілді. Ол Шығыс Қазақстан таби­ғатын дәріптеуге үлкен үлес қосты, ботаника, фаунистика, экология бойынша 200-ге жуық ғылыми жұмыс пен кі­тап шығарды. Шешек шат­қалында «Мектеп жанын­дағы экологиялық қорық» ұйым­дас­тыр­ды, онда жас натуралистер экологиялық практикадан өтіп, өзде­рінің ғылыми ізденістерін жүргізе алады.

Айта кетелік, «Қайырым­дылық керуені» – игі істер жасайтын адамдарды анық­тауға және ынталандыруға ба­ғыт­­талған жоба. Жобаны іске асырудың үш жылында осындай 1 мыңға жуық қайырымды адам анықталды.