Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мереке қарсаңында елорда тұрғындарына үндеу жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz
«Мереке күндері қарсаңында қала тұрғындары мен елорда қонақтарынан шектеу және карантин шараларын сақтауды тағы да өтініп сұрағым келеді: маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтаңыздар, мүмкіндігінше көпшілік жиналатын орындарға бармаңыздар және халық жаппай жиналатын іс-шаралар ұйымдастырмаңыздар», деді С. Бейсенова елорда әкімдігінде өткен онлайн брифингте.