• RUB:
    5.58
  • USD:
    474.72
  • EUR:
    515.17
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Наурыз, 2021

Қырғызстан президенті манасшы Баянғали Әлімжанға «Достық» орденін табыстады

391 рет
көрсетілді

Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров Қазақстандағы жалғыз манасшы, танымал жазушы, драматург Баянғали Әлімжанға «Достық» орденін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz

Марапаттау рәсіміне ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысты. Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровтың Жарлығына сәйкес, қырғыздың «Манас» эпосын Қазақстанда танытып, Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы мәдени серіктестікті нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, драматург, айтыскер-ақын және манасшы Әлімжанов Баянғали Тоқанұлы «Достық» орденімен марапатталды.

«Маған үлкен құрмет көрсетіп, еңбегімді бағалады. Осындай маңызды орденді табыстағаны үшін қырғыз халқына алғыс айтамын. Мен қазақ эпостарын қалай жақсы көрсем, қырғыз эпостарын да солай сүйемін», деді манасшы Баянғали Әлімжанов.