Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл – білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.
Ата-аналар мектепті алдын-ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсырады, сондай-ақ балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етеді.Мектеп басшылығы сыныптарды жинақтап, қажетті оқулықтарды алдын ала сатып алады. Сонымен қатар педагогтер құрамын анықтап, сағат санын бөледі.Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады. Қажетті құжаттар тізімі:Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;«Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;3х4 көлеміндегі 2 фото.Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.