• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Наурыз, 2021

Елордада су тасқыны кезеңіне дайындық қалай жүріп жатыр

170 рет
көрсетілді

Елордада 4-5 наурыз күндері көктемгі су тасқынына дайындық бойынша «Көктем 2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтеді. Нұр-Сұлтанда алдағы су тасқыны қаупі бар маусымға қалай дайындалып жатқаны туралы онлайн брифингте қалалық ТЖД бастығының орынбасары Есен Байыров айтып берді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Спикердің айтуынша, Алдын ала консультативтік гидрологиялық болжамға сәйкес наурыз айында елордада ауа райы жылы, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын қалыпты шектеде болады деп күтілуде. «Қазгодромет» РМК ақпаратына сәйкес 2021 жылдың ақпан айында топырақтың қату тереңдігі 83 см құрайды, бұл 2020 жылдың ақпанына қарағанда 45%-ға көп (52 мм). Барлық осы факторлар су тасқынынан өтуге жұмылдырылған қызметтерді дайындау кезінде ескеріледі.

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2021 жылғы су тасқыны кезеңіне су тасқынының қаупі бар 29 учаске анықталды. Яғни 2019 және 2020 жылдармен салыстырғанда 8 учаске азайды. 2021 жылғы 25 ақпандағы жағдай бойынша қала аумағынан 906 286 текше метрден астам қар шығарылды, бұл ретте 11 полигонның ішінде толтырылған және жабылған полигон жоқ. Өткен жылы тек 2019 жылдың қарашасынан бастап 2020 жылғы 25 ақпанға дейін қала аумағынан 4 млн текше метрден астам қар шығарылды, яғни 2021 жылға қарағанда 82%-ға артық. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ ден қою жағдайына қала әкімдігі жергілікті ауқымдағы ТЖ жоюға арналған іс-қимыл жоспарын бекітті», - дейді Есен Байыров.

Ол өз сөзінде құрамында 663 адам және 185 бірлік техника азаматтық қорғау органдарының тобы тұрақты дайындыққа келтірілгенін айтып өтті. Басқару органы 2021 жылғы 4-5 наурызда «Көктем 2021» РКШЖ жоспарланды, онда азаматтық қорғаудың аумақтық мемлекеттік жүйесінің әзірлігіне тексеру жүргізіледі.

«Су тасқыны зардаптарының алдын алу және жою үшін «Астана Тазалық» ЖШС 12,6 тонна инертті материалдар қорын, 3,5 мың қап дайындады. 2021 жылғы 25 ақпандағы жағдай бойынша «Астана-Энергия» АҚ-ның көмір қоры 290 000 тоннадан астам қатты отынды және 6 000 тоннадан астам мазут қорын құрайды. Сондай-ақ, 2020 жылы ТЖ кезінде халықты қоныстандыру бойынша 4 қонақ үймен меморандумдар жаңартылды және жалпы саны 1500 адамға 10 уақытша орналастыру пункті дайындыққа келтірілді», - дейді ТЖД өкілі.

Сөз соңында ол қала тұрғындары мен қызмет көрсететін компаниялардың өкілдері өздеріне тиесілі аумақта немесе учаскеде су тасқынына қарсы уақтылы іс-шаралар жүргізуі, кіреберістер мен шатырларын қар мен мұздан тазартуы керектігін айтып өтті.