Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният пандемия кезінде қабылданған шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
«Денсаулық сақтау министрлігі жүйелі түрде халықтың денсаулық көрсеткішін жақсарту үшін келесі шараларды қабылдауда.Халыққа медициналық-санитарлық алғашқы көмекті жетілдіру. Бүгінгі таңда 7 мыңнан астам ұйым, амбулаториялар мен емханалар жұмыс жасайды. Онда шамамен 10 мың дәрігер, 28 мың ортақ медицина қызметкерлері, оның ішінде 47%-ы ауылдық жерлерде жұмыс істеп жатыр. Былтыр пандемиямен күресіп жүріп, бірқатар жұмыстар жүргізілді. Соның бірі, әрбір учаскелік дәрігерге кісі басына тіркелетін жүктеме азайды. Бұрын бір учаскелік дәрігерге 2000 - 2200-дей азамат тіркеліп қаралатын болса, қазірге таңда 1 700-ге дейін төмендетілді.Пандемияға қарамастан 63 жаңа обьекті салынды. Медициналық қызметкерлердің жалақысы 30%-ға көтерілді. Жылжымалы медициналық көмек дами бастады.ДСМ ағымдағы жылдың 25 ақпанында халықтың қалың тобына, оның ішінде ауылдық жерлерде тұратындарға барынша қолжетімділік жағынан 2021-2025 жылдарға арналған "Алғашқы медициналық көмекті жақсарту" жөнінде шаралар жоспарын бекітті», деді Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.