• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Наурыз, 2021

Елімізде балаларға қарағанда, қамаудағыларға көбірек жәрдемақы беріледі - Мәжіліс депутаты

463 рет
көрсетілді

Қазақстан билігі жәрдемақыны балаларға қарағанда, қамаудағыларға көбірек береді. Осылай деген Халық партиясынан қайта сайланған Мәжіліс депутаты Айжан Скакова осы мәселеге қатысты өзінің наразылығын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Мемлекетке дәрігер мен мұғалім керек пе? Әлде ұры, пара алушы мен зорлаушы қымбатырақ па?», деп депутаттық сауал жолдаған ол, балаларға берілетін жәрдемақы айына 16,8 мың теңге болса, қамаудағыларды ұстауға бөлінетін қаражат 88,5 мың теңгені құрайтынын атап өтті. 

Оның айтуынша, үкімет бар басымдылықты демографиялық ынталандыру мен дені сау ұрпақтың тәрбиесіне жұмсауы тиіс. Осыған орай А.Скакова бала күтімі бойынша берілетін жәрдемақыны көбейтуді ұсынды.