• RUB:
    5.58
  • USD:
    474.72
  • EUR:
    515.17
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Наурыз, 2021

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

102 рет
көрсетілді

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz

Түнде 5 наурызда Жамбыл облысында кей жерлерде қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. 4-6 наурызда кей жерлерде тұман, көктайғақ, 5 наурызда жаяу бұрқасын күтіледі.

4-6 наурызда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, 4-5 наурызда екпіні 23 м/с күтіледі. Таразда 4-6 наурызда кей уақытта тұман, 4-5 наурызда көктайғақ, 5 наурызда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

4 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Петропавл қ.: 4 наурызда бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

4 наурызда Қарағанды облысында кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды қаласында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 4 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Қостанай қаласында 04 наурызда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. 4 наурызда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

4 наурызда Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Көкшетауда 4 наурызда кей уақыттарда жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 4 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. 4 наурызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. Оралда 4 наурызда жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

4 наурызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбеде 4 наурызда көктайғақ , түнде жаяу бұрқасын күтіледі. 4 наурызда Атырау облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады кей жерлерде 15-20 м/с. Атырауда түнде 4 наурызда тұман күтіледі. Кей уақытта көктайғақ.