• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Технология 03 Наурыз, 2021

ZOOM акциялары қымбаттады

161 рет
көрсетілді

Компанияның биылғы пайда көлемі 30 есе өскен.  Америкалық ZOOM компаниясы өз есебін жарияланғаннан кейін, оның акциялары 10%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz

Танымал видеосервистің тоқсандық кірісі 882,5 миллион долларға жеткен. Сарапшылар бұдан аз болады деп болжаған еді. Яғни биылғы кіріс мөлшері былтырғымен салыстырғанда 3,5 есе өскен.

2020 жылы пандемия басталған кезде, көптеген компаниялар жұмысшыларды қашықтан жұмыс істеуге көшірді, мектептер мен университеттер де осы режимге ауысты. Халықтың басым бөлігі видео конференцияларға қатыса бастады. Сол кезден бастап Zoom қосымшасына деген сұраныс күрт артты. Компания 2019 жылы 21,7 миллион доллар көлемінде пайда тапқан еді. 2020 жылы бұл көрсеткіш шамамен 30 есе өсті.