• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қаржы 04 Наурыз, 2021

Теңгенің әлсіреуіне не әсер етті?

243 рет
көрсетілді

Соңғы бірер күнде ұлттық валюта дүйсенбі күнгі сауда-саттықтың орташа бағамынан 2,36 теңгеге құнсызданып 420,40-420,80 теңге аралығында саудаланған еді.

Алайда 3 наурыз күні Қазақстан қор биржасындағы (KASE) доллардың орташа курсы 419,83 теңгені құрады. Әрине, валюта бағамының құбылып тұруы бізге таңсық емес. Сондықтан оның жиі құнсызданып немесе нығаюына қатысты Ұлттық банк өкілінің мәлімдемесі қай сәтте де маңызды болмақ.

Ұлттық Банк монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынхановтың айтуынша, теңгенің әлсіреуі үш басым факторға: ОПЕК+ отырысы қарсаңында мұнайға баға белгілеудің құлдырауына, доллардың нығаюына және Қазақстандағы салық төлемдері кезеңінің аяқталуына байланысты болды.

– Аптаның басынан бастап мұнайдың бағасы өткен аптада қол жеткізген ең жоғары көрсеткіштерден ауытқып, 5,1 пайызға төмендеді. Коронавирусқа қарсы вакциналаудың ілгерілеуі, Сауд Арабиясы тарапынан мұнай өндіруді сәуірге дейін күніне 1 млн баррельге ерікті түрде қысқарту, сондай-ақ АҚШ-та бұрын-соңды болмаған аязға байланысты мұнай өндіруді мәжбүрлі түрде тоқтата тұру жыл басынан бері мұнай бағасының өсуін қолдай түсті, – дейді Тұрсынханов.

Енді алдағы уақытта мұнай өндірісіне қойылған шектеулер біртіндеп алына бастайды. Сарапшылар ОПЕК+ мұнай өндіруді күніне шамамен 0,5 миллион баррельге ұлғайтады деп болжайды

– Көктемнің алғашқы күнінде АҚШ пен Еуропаның қор биржалары айтарлықтай пайдамен жабылды. Сенбі күні АҚШ Өкілдер палатасы экономикаға 1,9 трлн долларға көмек шараларының топтамасын бекітті. Президент Байден демалыс күндері сенатты тез әрекет етуге шақырды. Пайыздық мөлшерлемелердің көтерілуіне қатысты инвесторлардың алаңдаушылығын бәсеңдетіп, бір аптаға созылған Америка мемлекеттік облигацияларының кірістілік раллиі тоқтады. Осыған байланысты DXY доллар индексі 90,1-ден 91,2-ге дейін немесе 1,2 пайызға өсті. Сонымен қатар, өткен аптада Қазақстанда шетел валютасын сатудың неғұрлым жоғары көлемін болжайтын және тиісінше ұлттық валютаның нығаюына ықпал ететін кезекті салық кезеңі аяқталғанын атап өткен жөн, – делінген Тұрсынханов мәлімдемесінде.