Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт істері және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Серік Сәпиев Instagram -дағы парақшасында мәлім етті.
«Барлығы да хоккейге! Хоккей жанкүйерлері үшін жақсы жаңалық. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, Құрлықтық хоккей лигасы аясында плей-офф матчтарын толымдылығы 30 пайыздан аспайтындай жанкүйерлердің қатысуымен өткізуге рұқсат берілді. Ертең, 6 наурыз күні сағат 17.00-де «Барыс» «Металлургпен» күш сынасады», деп жазды С.Сәпиев.