• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Наурыз, 2021

Гендерлік теңдік жолында Қазақстанның өз тәжірибесі бар

474 рет
көрсетілді

БҰҰ Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Микаела Фриберг-Стори Халықаралық әйелдер мен қыздар мерекесіне орай құттықтау жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Халықаралық әйелдер күнін Қазақстан халқымен бірге атап өту барысында біз әйелдердің өз құқықтары, қадір-қасиеті мен теңдігін құрметтеуді қамтамасыз етудегі жетістіктерін атап өтудеміз. 2021 жылы Халықаралық әйелдер күні тақырыбы – «Көшбасшылықтағы әйелдер: COVID-19 әлемінде тең болашаққа қол жеткізу», бұл әлемдегі және Қазақстандағы әйелдер мен қыздардың әділ болашақты қалыптастыру және COVID-19 індетінен шығу жолындағы орасан зор күш-жігерін мадақтайды.

Әйелдер COVID-19 дағдарысы барысына медициналық қызметкерлер, қамқоршылар, жаңашылдар, қоғамдастық ұйымдастырушылар және пандемиямен күрестегі ең үлгілі және тиімді ұлттық көшбасшылар ретінде танымал. Дағдарыс олардың қосқан үлесінің маңыздылығын да, әйелдер көтеретін пропорционалды емес ауыр жүктеменіде көрсетті.

Сонымен бірге, COVID-19 қарсы күрес те әйелдер көшбасшылығының күші мен тиімділігін көрсетті. Әйелдер ұйымдары, әсіресе қоғамдастық деңгейінде, маңызды қызметтер мен ақпарат ұсынудағы маңызды рөл атқаруда.

Биылғы Халықаралық әйелдер күні біз COVID-19-дан кейін әйелдер құқықтары мен көшбасшылығын нығайтуға үлкен мүмкіндік беретін Теңдік буыны 2021 форумының шұғыл қажеттілігін атап өтеміз.

Пандемиядан кейінгі қалпына келтіру – бұл тең өкілдікті қамтамасыз ету, қамқорлық пен әлеуметтік қорғау экономикасына үлкен қаражат салу, әйелдердің экономикалық тұрғыдан толық қамтылуындағы кедергілерді жою, барша салалардағы барлық дискриминациялық заңдардың күшін жою, төтенше жағдай жоспарын құру арқылы тең мүмкіндіктер ашу,әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы отбасылық саясатты насихаттау және ең бастысы, ой-өрісті өзгерту.

Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес гендерлік теңдікке қол жеткізу және әйелдердің құқықтарын кеңейту бойынша Қазақстан Республикасының күш-жігерін құптаймыз: мемлекет қатысуымен компанияларды басқаруда әйелдер өкілдіктерін 30% дейін арттыру және Мәжіліс пен мәслихаттарда гендерлік және жастар квоталарын енгізуде (30%). Қазақстан «Гендерлік зорлық-зомбылық» және «Экономикалық әділеттілік және құқықтар» атты екі іс-қимыл коалициясының мүшесі болуды жлспарлап, Гендерлік теңдік форумы үрдісіне белсенді қатысуда.

Алайда әйелдер жолында әлі де кедергілер кездесуде. Әйелдер құқықтарын насихаттау және пандемияға дайындық пен әрекет етудегі әйел көшбасшыларыныңәлеуетін толық пайдалану, барлық салалардағы және барлық кезеңдердегі саясат пен бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру кезінде әйелдер мен қыздардың алуан түрлі көзқарастары ескерілуі тиіс.

Біз Қазақстандағы әйелдердің күрделі бағыттарда сындарлы әлеуметтік өзгерістерді қолдайтын тамаша мысалдарын көрдік. Біз ғылым, бизнес, білім, өнер және басқа да көптеген маңызды салаларда қаншама әйелдер мен қыздардың көшбасшылық ететініне куә болдық. Қазақстанның өз тәжірибесі бар, сондықтан қазақстандық қоғамның және білімнің барша қабілеті жұмылдырылса, гендерлік теңдікке қатысты жоспар одан да табысты жүзеге асуы мүмкін.

Саяси, әлеуметтік және экономикалық өмірдің барлық салаларында әйелдердің тең қатысуын қамтамасыз ететін саясатты нығайту маңызды болғанымен, гендерлік мәселелерге қатысты әлеуметтік нормалар әлі де әйелдерәлеуетінің толыққанды жүзеге асуына кедергі болып отырғанын мойындау маңызды. Әйелдер мен ерлер арасындағы үй шаруасын, оның ішінде бала күтімі және қарттарға күтім жасау сияқты жұмыстарды тең дәрежеде бөлу әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін пайдалана алатын әділетті қоғам құруға үлкен жол ашуы мүмкін.

Әйелдер көшбасшылығы мен тең құқылы қатысуын дамыту үшін әлемге жаңа серпін қажет. Осыны жүзеге асыру баршамызға пайдалы болатыны анық. Біз осы маңызды кезең өзегіндегі жас әйелдер мен еркектерді, қыздар мен ұлдарды әділетті әлемде өмір сүруге шақырамыз. БҰҰ-ның Қазақстандағы жүйесі ешкімді артта қалдырмау ұранымен аталған бағытта Қазақстанға барынша қолдау көрсетуге дайын», деді ол.