• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Өнер 10 Наурыз, 2021

«Алма + ты» жас кәсіби суретшілер көрмесі ашылды

300 рет
көрсетілді

«Cultural Dialogue» қоғамдық қоры Ханзада Клаус Қорының қолдауымен (Нидерланды) «Alma Museum»-мен бірлесіп, әлемдік маңызы бар генетикалық қор – сиверс алмасының жабайы жеміс ормандарын жаңғыртуға арналған «Алматы+ты» жас кәсіби суретшілердің көрмесін ашты, деп хабарлайды Еgemen.kz

Жобаның мақсаты – шығармашыл жастардың назарын табиғи мұраны сақтау және жаңғыртуға аудару. Сиверс алмасының тарихы ежелгі дәуірден басталады. Көрмеге күрделілігімен және көркемдік тәсілдерінің алуан түрлілігімен ерекшеленетін акварель техникасында орындалған қырықтан астам жұмыс қойылды. Қазақстан өнеріндегі акварель дәстүрлерін Ә.Қастеев, О.Таңсықбаев, А.Исмаилов, У.Әжиев сияқты көрнекті шеберлер қалыптастырды дейтін болса, бұл көркем мұраны қазіргі авторлар дамытып келеді.

Биылғы жылы COVID-19 вирусының пандемиясы суретшілерге де, әлемдік мәдениетке де кері әсерін тигізді. «Cultural Dialogue» ҚҚ директоры Жанна Мамбетова атап өткендей, көрменің мақсаты жас кәсіби суретшілерді қолдау. Осы орайда он суретшінің жұмысы Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ҒЗИ ғимаратында тұрақты экспозиция үшін таңдап алынған әрі қаламақы төленген.

Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ҒЗИ кеңесінің төрағасы Серік Садықовтың айтуынша, Қазақстан алма мен қызғалдақтың отаны. Шығармашылық көрме алма дақылдарының гендік қорын сақтау, жергілікті алма ағашын қалың бұқара арасында жаңғыртуды дәріптеуге негізделеді.

 «Алмалы жұмақ» ҚҚ басшысы Ажар Джандосова «Сиверс алмасын Қазақстанның табиғи мұрасы ретінде сақтау тақырыбын ілгерілетуге және Алматыны алманың отаны ретінде танымал етуге, атап айтқанда, «Алматы + ты» символикалық атауымен шығармашылық жобалар арқылы барлық мүдделі қатысушылардың күш-жігерін біріктіруге ұмтыламыз», деп атап өтті. Көрме кураторы – өнертанушы Виолетта Вологодская «Алматы» қонақ үйінде орналасқан көрме наурыз айының соңына дейін жалғасатындығын айтты.