Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шоқыр Бөлтекұлы атындағы Маңғыстау облыстық жоғары спорт жетістіктері мектебі» КММ директор лауазымына Әділбек Сәбитұлы Ниязымбетов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz
Ә.Ниязымбетов 1989 жылы дүниеге келген.Білімі: жоғары
Еңбек өтілі: 2014 - 2018 ж.ж Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының “Маңғыстау бокс клубы” МҚҚҚ спортшы-нұсқаушысы;2019 - 2020 ж.ж Нұр-Сұлтан қаласы Олимпиада орталығында әдіскер; 2020 жылдан бастап, осы уақытқа дейін Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының Ш.Бөлтекұлы атындағы МО жоғары спорт шеберлігі мектебі директорының орынбасары қызметін атқарып келеді.
Жетістіктері мен мемлекеттік наградалары:- 2011 жылы Қазақстан Республикасының еңбегі сіңірген спорт шебері- 2012 жылы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (Лондон, Ұлыбритания)-2012 жылы Құрмет орденімен марапатталған-2014 жылы Азия ойындарының чемпионы (Инчхон/Корея)-2015 жылы Азия чемпионы (Бангкок/ Тайланд )-2016 жылы ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (Рио де Жанейро/ Бразилия)-2016 жылы «Барыс» орденімен марапатталған-2016 жылы «Дарын» сыйлығының лауреаты