• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Наурыз, 2021

Теріс ағымға тыйым – өзімізден

349 рет
көрсетілді

Әу бастан адамзаттың болмысына рух беріп келе жатқан, тәрбие мен білімнің қайнар көзі саналатын діннің төңірегінде қазіргі кезде қоғамда дау көп. Әсіресе, әлеуметтік желіні ашып қалсақ, көпшіліктің дінге не болмаса дін жолында жүргендерге деген ішкі қарсылығы анық байқалады. Үй ішінен үй тігіп, ағым-ағымға, жік-жікке бөлініп алып, дін төңірегінде қызылкеңірдек болып жататындар барлық жерде кездеседі.

Жамбыл облыстық Дін істері басқармасының мәлі­метінше, өңірде жат ағым­ға іле­сушілермен жұмыс тұ­рақ­ты түрде жүргізіліп келе­ді. Өткен жылдан бастап «Ана­литикалық интернет карта» бағдарламасы арқылы әлеу­меттік желілердегі дес­труктивті діни топтарға тір­кел­ген облыстың 7188 тұр­ғы­ны­мен байланыс орнатылып, олар тыйым салынған экст­ремистік топтардан шы­ғарылған. Деструктивті діни ағымдардың ықпалындағы 997 азаматпен жеке жұмыс жүр­гізіліп, өткен жылы олар­дың 135-і қоғамға бейім­дел­ген. «Жусан» операция­сы ая­сында елге оралған аза­мат­тардың әлеуметтік және тұр­мыстық мәселелері шешілген.

«Облыс әкімінің тапсырмасымен «Бейбітшілік пен келісім» пилоттық жобасы аясында Қордай ауданында кешенді іс-шаралар атқарылды. Дін проблемаларын зерттеу орталығының 4 қызметкерден тұратын ар­найы бөлімі ашылып, аудан­дағы діни ахуалға тұрақты бақылау жүргізілуде. Аудан­дағы діни неке қиятын мешіт­тердің саны 18-ге дейін көбей­ді. Оның 5-еуі – дүнген аға­йын­дар баратын мешіттер. Қиыл­ған некелердің есебі ай сайын аудандық азамат­тар­дың хал актілерін тіркеу бөлімімен салыстырылады», дейді облыстық Дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров.

Жат ағымның жетегінде жүргендер қоғам үшін қай кезде де қауіпті. Облыстық орталық «Һибатулла Тарази» ме­шітінің наиб имамы Бақ­тияр Амантайұлы теріс ағымда кетудің бірнеше себебі бар екенін, оның басында білімсіздік тұраты­нын айтты. «Кейбір кісі­лер шын мәнінде ақиқатты білейін, дінді үйренейін деп жүріп теріс ағымдағылардың қатарына қосылып кетеді. Бірақ оны өзі білмейді. Бұған себеп – діни білімді дұрыс алмау. Мешіт, медресе сияқты арнайы орындарда емес, пәтер­лерде, жер­төлелерде тәлім алып, сөйтіп теріс ағымға түсіп кеткендер көп. Одан ке­йін интернет, әлеуметтік желі­лер бар. Бір адамның тү­рін көрмей, оның кім еке­нін білмей жатып, оның уағы­зын тыңдап, жат ағымға шыр­малып жатқандар да жетер­лік. Біз азаматтарға уағызын тыңдауға болмайтын кісілерді айтып жатырмыз.

Адамдардың теріс ағымға ілесіп кетуі әлеуметтік жағ­дайға да байланысты. Олар­ға қаржылай қолдау көр­се­тіледі. Осыған да қызы­ғуы мүмкін. Сонымен қатар, ата-анадан қысым көру сияқты отбасылық жағдай да көп жастың теріс жолға түсуіне әсер етеді», дейді ол.

«Жат ағымда жүргендер­дің тағы бір қауіптілігі – ұлт­тық дәстүрлерімізді теріс­ке шығаруында. Мысалы, қайтыс болған кісіге Құран бағыштау, қабірдің басында аят оқу, жеті шелпек пісіру, келіннің сәлем салуы сияқты ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрлерді олар теріске шығарады. Намазда қол жайып, дұға қылмайды. Жамағатпен намаз оқығанда тұрып кетіп қалады. Бұлардың ең басты ұстанымы – қазақи дәстүрді жоққа шығару. Олар соған шақырып жүр», дейді Б.Амантайұлы.

«Дүмше молда дін бұзар» дегендей, бүгінде елді шатас­тырып, тура жолдан тайдырып жүргендер бар­шылық. Сондықтан да жұрт­тың дін ұстанатын кісі­нің өзіне күмәнмен қарай бас­тағаны шын. Білімсіздік, көз­сіз фанатизм, жалған дін­дарлық – осының барлығы халқы­мыздың рухани әлеміне қауіп төндіріп тұр.

 

Жамбыл облысы