• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Наурыз, 2021

Қиын кезде қолдау көрсеткен түрік ағайындар теріскейде ашқан тұңғыш кәсіпорын

526 рет
көрсетілді

Қазақстан өз Тәуелсіздігін алған алғашқы жылдар. Елдің эко­­­­номикасы дағдарысты жағ­дайда. Социализм жоспарлы эко­­номикасымен бір-бірін үзіл­мей­тін шынжырмен шаңдып, бірі құрылысын салып, бірі жабдықтармен жарақтап, бірі өндіріп, бірі сатып, бірі алыстағы тұтынушыларға жеткізіп тұрған кәсіпорындардың бәрі бір сәтте тұралап қалған. Кейбірі әлсіз деммен тіршілік белгісін танытса, екіншісі мүлдем жансызданып, үшіншісі шашылып қалған заман туған.

Міне, осындай жағдайда біздің түрік ағайындар алғаш­қы болып сенім білдіріп, Қазақ­станның солтүстігіне да­йын өнім өндіруге қадам бас­ты. 1993 жылы алғаш рет «Петро­павлда түріктер мака­рон фабрикасын салады екен» деген ақжолтай хабар дүңк ете қалды. Бұл іс олар­дың экономикалық пайда табу мақсатын ғана емес, бізді туысқандықпен қолдау мақса­тын да көрсеткендей болды.

Теріскейге алғашқы болып қадам басқан инвестор атақты түрік кәсіпкері Бекир Окан еді. Оның дүние жүзіне белгілі «Окан холдинг» атты аса ірі мегакәсіпорыны бар. Ол сан салалы. Бертін тіпті университет ашып, білім беру саласында да жоғары табыстарға қол жеткізуде. Қызылжарда оның холдингінің «Исот» атты құрылыс компаниясы макарон фабрикасының құрылысын жүргізді. Фабриканың ірге­та­сының алғашқы кірпі­шін қалау­ға Тұңғыш Прези­ден­ті­міз Нұрсұлтан Назар­баевпен бірге Бекир Оканның өзі де қатысқан еді.

Макарон өнімдерін шыға­ра­тын жабдықтар швей­ца­риялық «Бюлер» компания­сынан әкелінген. Жарқырап тұрған жоғары технологиялы бұл жаб­дықтар орнатылғанда фабриканың іші жайнап кеткен еді. Кәсіпорын би­дай­дың қатты сұрыбымен жұмыс істеп, өзінің алғашқы өнімдерін 1996 жы­л­­дың ақпан айынан бас­тап бере бас­тады. Өнімнің атын Бекир Окан мырзаның өзі Қазақстан Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаевтың құр­ме­тіне «Сұлтан» деп аталатынын жариялаған.

1998 жылдан бастап кә­сіп­орын өзінің газбен жанатын 3 қазандығы арқылы жылу­мен қамтамасыз етілді. Жал­пы алып жатқан жер аумағы 10,3 га. Теміржол линиясы бар. Электр қуатымен қосалқы станса арқылы қамтамасыз етілген.

Өнім шығара бастаған 25 жылда «Сұлтан» сауда маркасы бар макарон өнімдері Қазақстанның ғана емес, алыс-жақын шетелдердің рыноктарына шығып, қандай қиын бәсекелестіктерге төтеп беріп, халық жапа-тармағай алатын брэнд өнімге айналды. Оның қаптамасындағы «Қазақ­станда өндірілген» деген белгімен қатар, нақты Петропавл қаласындағы мекен-жайын көргенде алыста жүрген кез келген солтүс­тік­қазақстандықтың көзіне оттай басылады.

Осы жылдарда макарон фабрикасы барынша кеңейіп, құрамына 93 мың тонна астық сақтай алатын элеватор, қатты және жұмсақ бидайды үгетін екі диірменді қосып алып, қазір «Сұлтан» Элеватор-диірменді макарон кешені» (ЭДМК) АҚ деген атқа ие болған. Бұдан басқа кондитер фабрикасын да ашып, онда­ған түр­лі тәтті өнімдер өндіру­де. Кешен 38 түрлі макарон өнімін, жоғары және бірін­ші сұрыпты нан ұнын шыға­рады. Қазір бірінші сұрыпты ұнға темір­дің мик­роэлементтерін қосып шыға­ра­тын жаңа түрін де жасайды. Нан құра­мын­да осы элементтің болғаны­ халық­тың денсаулығына пайдасы зор екен.

Кәсіпорынның тәуліктік қуаты 192 тонна макарон өн­діруге жетеді. Өнімдер Италияның «Риччарелли» фир­­масы шығарған жарақтар­да қап­талады. Оның жоғары сапалы, еш­қандай қоспасыз, тасымалға ыңғайлы, эколо­гиялық тұрғыдан таза өнім­дері Қытайдың, Ресейдің, Бела­русьтің, барлық Орталық Азия елдерінің, Моңғолияның және басқа он шақты елдің рыноктарында үлкен сұраныс­қа ие болып келеді. «Нағыз жақсы макарон қатты болуы керек, түсі ашық сарғыш және қайнатқан кезде суды көп жұтқаны абзал. Біздің өнімдер дәл сол сапаға сай келеді», дейді «Сұлтанның» мамандары.

Кәсіпорынның қазіргі бас директоры – Өзен Мехмет. Оған дейін Идрис Картал деген жақсы азамат ұзақ жылдар бойы абыроймен қызмет істеді. Оның көптеген демеушілік істерін солтүстікқазақстандықтар ұмытпайды.

Кәсіпорын мамандары бір орында тұрып қалмай, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Маркетингтік зерттеулердің нәтижесінде 2019 жылдан бері кәсіп­орын «Pastamia» сауда маркасы­мен жаңа макарон өнімдерін шығара бас­тады.

Қазір «Сұлтан» ЭДМК» АҚ-да 300-ге жуық адам жұ­мыс істейді. Мұнда жұмыс орын­дарын жиі ауыс­тыра­тындар жоқ, ұжым көптен бері берік қалыптасқан. Ор­таша жалақы – 154 мың теңге. Қызметкерлерге қарас­ты­рылған әлеуметтік пакет те мұнда жақсы жолға қо­йыл­ған. Еңбеккерлерін жұ­мысқа өздерінің арнайы көліктерімен жеткізеді, ауырып қалғандарға әлеуметтік жәрдемақы төленеді, түстік ас бағасы – 50 теңге ғана, арнаулы жұмыс киім­дерімен қамтамасыз етіледі. Сон­дай-ақ бір реттік әлеуметтік көмек те бері­леді және ай сайын жалақы­сы­ның 25 па­йызы көлемінде сыйақы төленеді.

Кәсіпорын 2020 жылы 6 млрд теңгенің макарон өнімдерін, 707 млн теңгенің ұнын шығарған, бұл 24 мың тонна макарон өнімдері мен 6 мың тонна ұн рынокқа шығарылды деген сөз. Осы жылы «Сұлтан» АҚ 472,9 млн теңгенің түрлі салықтарын төлеп, еліміздің бюджетіне сүбелі кіріс енгізді.

Бір қызығы, бұл кәсіпорын жаман індеттің карантині кезінде де жұмы­сын тоқтатқан жоқ. Толық қуатын­да жұмыс істемегенімен, барлық тех­нологиялық жабдықтары іске қосы­лып, өнім шығаруды жалғастырған.

Тәуелсіздіктің алғашқы жыл­дарында шетел капи­та­лы­ның араласуымен бірін­­ші болып ашылған ақ­шаң­­қан кәсіпорын қазір әб­ден құ­ла­шын жайған. Ол – біз­дің егемен еліміздің ерте­ңіне де­ген сенімімізді ны­ғайт­­қан ақжолтай кәсіп­орын. Эко­­номи­калық дағ­да­рыстан қал­­жы­рап, ешқан­дай өнімді өзді­гі­­мізден шығара алмаймыз, ер­­теңі­міз не болар екен деген сарыуайымға салынған сәтте кеу­де­мізде үміт отын жаққан осы «Сұлтан» еді. Сондықтан оның аты шығып, даңқы асып, та­бы­сы тасып жатса, бар­ша қа­зақ­стан­дықтар қуана түсері хақ.

 

Солтүстік Қазақстан облысы