• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Пікір 17 Наурыз, 2021

Қай халық үшін де жер қадірлі

814 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жерді шетелдіктерге сатпау және жалға бермеу жөніндегі шешімін қолдаймыз. Жер – ата-бабаларымыздан ұрпаққа мирас болып қалған асыл мұра.

Шын мәнінде, бұл жерге иелік ету біздің парызымыз. Өйткені осы жерімізді қорғау үшін қанша өмір қиылып, қанша қан төгілді десеңізші.

Сондықтан Президенттің заң жобасын Парламентке қайта жіберуі дұрыс қадам болды. Өзім ауылшаруашылық саласында еңбек етемін. Жердің қадірін түсінетін аза­мат­тардың бірімін. Бүгінде шаруа­шы­лықты үлкен кәсіпке айналдырып отырмыз.

Солтүстік Қазақстан облыстық Жер комиссиясының мүшесі ретінде көп азаматымыздың атакәсіпті жал­ғас­тырып, нәтижесінде бүгінде үлкен-үлкен қожалықтар құрылғанын көріп жүрміз. Өзім де бір шаруа қожалығына иелік етемін. Отбасымды асырайтын табыс көзім – жер. Жалпы, жер киелі. Бұл – біздің аталарымыз, әкелеріміз өс­кен топырақ. Қазір оны біз басып жүр­сек, келешекте біздің ұрпағымызға керек.

Аталарымыз қалдырған жерді ұрпа­ғымызға табыстау, аманаттау пары­зымыз. Жер – халықтың қазынасы. Сондықтан оны сату дұрыс емес. Ұлт болып ұйысу, халық болып қалыптасу үшін жер керек. Қай халық үшін де жердің қадірі жоғары.

Ал талайдың талқысына түскен бұл мәселеге Президенттің нүкте қоюы көпшілікті қуантты деген ойдамын. Шаруалар атынан біз де бұл шешімді қолдаймыз.

 

Еркебұлан МАМБЕТОВ,

«Мамбетов и К» қожалығының директоры,

Солтүстік Қазақстан облыстық Жер комиссиясының мүшесі