• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 29 Наурыз, 2021

Турағұлға қатысты тың дерек

515 рет
көрсетілді

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан универ­ситетінің «Мұхтартану» ғылыми орталығы ғалымдарының ізденісінің нәтижесінде Абай Құнанбаевтың саяси қуғын-сүргін құрбанына айналған перзенті Турағұл Ибраhимұлына қатысты тың дерек табылды.

Ғалымдардың айтуынша 1990 жылдары Мәкен Турағұлқызы алмағайып заманда шейіт кеткен әкесінің аты өшпесін һәм тарихта мәңгі қалсын деген ниетпен «Мемориалды тақта» жасатқан. Бір ерекшелігі – ол мемориалды тақтада тек Турағұлдың ғана емес, Абай­дың өзге де ұрпақ­тары­ның қай жылы, қай жерде жерленгендігі туралы ақпа­рат берілген.

Сондай-ақ, аталған тас­тұғыр­­ға Хакім Абайдың:

«Жас қартаймақ,

жоқ тумақ, туған өлмек,

Тағдыр жоқ өткен өмір

қайта келмек.

Басқан із, көрген қызық

артта қалмақ,

Бір құдайдан басқаның

бәрі өз­гермек», – деген бір шумақ өлеңімен қоса: «Абай Құнан­баевтың Шым­кент қаласында жер­ленген үрім-бұтағы» делініп, 4 адамның есімі мен қай жылы, қай жерде жерленгендері көр­­сетіл­ген. Олар: «Турағұл Абайұлы – Әйгерім­нен туған. 1934 ж. ХФЗ аймағы;

Келіндері: Дәмежан – Ми­кайл­дің әйелі. 1960 ж. Шұ­қырсай,

Камалия – Әубәкірдің әйелі. 1962 ж. Қасқа зираты;

Немересі: Әубәкір – Ақыл­байдың ұлы. 1933 ж. Көксай;

Турагул Абайулы – сын Айгерим. 1934 г. Р-Н ХФЗ;

Жены сыновей: Дамежан – жена Микайла. 1960 г. Шукырсай;

Камалия – жена Аубакира. 1962г. К-ше Каска;

Внук: Аубакир – сын Акыл­бая. 1933 г. Коксай». Тас­тұ­ғыр­дағы бұл мәтіндер қа­зақ-орыс тіл­дерінде беріл­ген.

Бұл жәдігер сол жылдардан бері «Химфарм» акционерлік қоғамының арнайы бөлімінде сақталған. Ал Тәуелсіздіктің 30 жыл­дық мерейлі мерекесіне орай компания басшылығы құнды дүниені «Мұхтартану» ғылыми орталығына табыс етуді жөн деп тапқан.

Ғалымдардың сөзіне сүйен­­­сек, бұл тастұғыр осы күн­­ге дейін айтылып жүр­ген: «Турағұлдың сүйегі Шым­кенттегі Қорғасын зауы­­­тының астында қалып қой­ды» – деген пікірді түбе­гей­лі те­ріс­ке шығарады. Өйт­­кені атал­мыш зауыт 1882 жыл­дары салынған, ал Тура­ғұл Ибра­hим­ұлы 1934 жылы қай­тыс бол­ғаны бел­гілі.

Айта кетерлігі, табыл­ған жә­­дігер Мұхтар Әуезов атын­дағы Оң­түстік Қазақ­стан уни­вер­ситетінің «Мұх­тартану» ғы­лыми орталы­ғының мұра­жайына қойыл­ды. Орталық қыз­меткер­лері құнды дү­ние­ге байланыс­­ты зерттеу жұ­мыс­тарын жүргізуде.

 

ШЫМКЕНТ