Швецияның бас шаһары – Стокгольмде жалауы желбіреген мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының кезекті жарыс күні мәресіне жетті.
Жаһандық доданың екінші күнінде ер спортшылар қысқа бағдарлама бойынша үздіктерді анықтады. Бұл сында ел намысын Қазақстан кубогында топ жарып, Болгариядағы Sofia Trophy 2021 халықаралық турнирінде қола жүлде еншілеген Михаил Шайдаров қорғады. Отандасымыз алғаш рет әлем чемпионатына қатысқан соң ба, нәтижесі жанкүйерлерді қуанта қойған жоқ. Еркін бағдарламада 59.14 ұпай жинаған ол әлем біріншілігін 32-орынмен аяқтады.
Ал бұл жарыста АҚШ спортшысы Натан Чанның мерейі үстем болды. 320.88 ұпай олжалаған Чан үш дүркін әлем чемпионы атанды. 17 жастағы жапониялық Юма Кагияма (291.77) күміспен күптелсе, тағы бір жапониялық Юдзуру Ханю 289.18 ұпаймен қола жүлдені қанағат тұтты.