28 наурызда Қазақстан Республикасының аумағына БАӘ, Мысыр, Мальдив Республикасы, Шри-Ланка, Түркия, Германия, Украина, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстаннан 42 халықаралық әуе рейсі келді.
5 389 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 5 351 адам, анықтамасыз 38 ҚР азаматтары келді. Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 23 рейс, 2 988 жолаушы, анықтамамен – 2 970, анықтамасыз – 18; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 419 жолаушы, анықтамамен - 1 406; анықтамасыз - 13; Шымкент қаласының әуежайына – 7 рейс, барлық 836 жолаушы анықтамамен келген;Өскемен қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 19 жолаушы анықтамамен келген; Түркістан қаласының әуежайына – 1 рейс, 127 жолаушы, анықтамамен - 120; анықтамасыз - 7.Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.Анықтамасыз келген 27 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.