Алматыда Аяжан Еділованы өлтірді деген күдікке ілінген азамат ауруханадан шықты, деп хабарлайды Egemen.kz
Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, күдікті ауруханадан шығарылды. Сот оған «қамауға алу» шарасын бекітті. Қазір ол Полиция департаменті жанындағы уақытша ұстау изоляторына 2 айға қамауға алынды.
Күдіктіні ұстау кезінде ол өз-өзіне қол жұмсамақ болып денесін жарақаттаған. Бірақ оның бұл әрекеті іске аспады. Оқиға орнына дәрігерлер шақыртылып, ұсталған адам №7 ауруханаға жеткізілді. Күдікті - 1993 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны.