• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Наурыз, 2021

Нұр-Сұлтан қаласында шектеу шаралары күшейтілді

435 рет
көрсетілді

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығына және КВИ ауруының өсуіне байланысты қалада карантин және шектеу шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Сауда-ойын сауық ортаолықтары, сауда үйлері және т.б. жұмыс күндері сағат 17.00-ге дейін қысқартылады. Сонымен қатар, бұл нысандардың демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салынды.

Қашықтан оқытуға 9, 11 (12) сынып оқушыларын қоспағанда барлық студенттер, сондай-ақ қала оқушылары көшеді. Қоғамдық тамақтану объектілеріне демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады, оған жеткізу жұмысы мен алып кету тапсырыстары кірмейді.

Жаңа қаулы 30 наурызда күшіне енеді.