2021 жылғы 10 наурызда Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді тосқауылдарға бөлудің, алып қоюдың және шектеудің және тосқауылдарды жойылған деп танудың жаңа әдістемесі күшіне енді.
Кедер Әдістемеде басқа мүше мемлекеттердің нарықтарына қол жеткізу проблемалары туралы мүше мемлекеттердің өтініштерін қарау процесі және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының іс-қимылдарын кедергілер немесе шектеулер деп тану туралы шешімдер қабылдау алгоритмі егжей-тегжейлі сипатталған. Сонымен қатар әдістеме өзара саудадағы кедергілерді жіктеуді көздейді. Әдістемеде кедергілерді жою үшін мүше мемлекет қабылдаған шаралардың жеткіліктілігін тексерудің қосымша кезеңі түрінде жойылған деп танудың белгілі бір рәсімдері көзделеді.
Еске сала кетейік, аталған құжатты қабылдауға қазақстандық тарап бастамашы болды. Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукованың айтуынша, әдістеме мүше мемлекеттердің нарықтарына қол жеткізу проблемаларын кедергілер ретінде жіктеуге мүмкіндік береді және өтініштерді қарау мерзімдерін қатаң регламенттейді. Қазақстандық тарап кедергілерді жою процесін нақты регламенттеу және қарау мерзімдерін барынша қысқарту қажеттігі туралы ұстанымын бірнеше рет білдірді.
«Біз әріптестерімізді осы құжатты қалыптастыру кезінде қағидатты түрде жаңа тәсілдерді ескеруге көндіре алдық. Яғни әрбір кезең әдіснама бойынша барлық іс-әрекеттердің мерзімдері регламенттелген және қысқартылған. Бұл өз кезегінде жекелеген жағдайларды қарауды кешіктіру мүмкіндігін болдырмайды. Сондай-ақ келіп түскен өтініштер бойынша ақпараттық ресурс құру қарастырылған. Кедергілерді жойылған деп тану тәртібі қарастырылған, бұл оны толық жоюға ықпал етеді. Жаңа әдістемені қабылдау ЕАЭО кеңістігінде бизнес-қоғамдастықтың қызметін жеңілдету бойынша да, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер азаматтарының мүдделерін қорғау бойынша да жұмысты жүйелі және ашық жүргізуге мүмкіндік береді» деді Ж.Кушукова.