• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Сәуір, 2010

ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ҚАУҚАРЫ

518 рет
көрсетілді

Биылдан бастап елімізде үдемелі индустриялық- инновациялық бағдарлама аясында бесжылдыққа жоспарланған жұмыстардың жүргізіле бастағаны белгілі. Қазір бұл міндеттерді жүзеге асырумен бірнеше опера­тор­лар айналысуда. Солардың ішінде Үкіметтің дағ­дарысқа қарсы шараларын іске асыруға белсенді атса­лысып жүрген “Қазақстанның Даму банкі” АҚ та бар. Жалпы, әлемдік тәжірибеге қарасақ, дамыған елдерде ин­дустриялық саясат көбіне көп мемлекеттік даму институт­тары­ның қолдауы нәтижесінде іске асуда. Мысалы, Жапония мен Германия даму институттары қоғамдық инфрақұрылымды да­мытуға арнал­ған жобаларды қаржылан­дыруды дәстүрге айнал­дырса, Оңтүстік Корея мен Қытай­дың даму банк­тері негізі­нен эконо­миканың қайта өңдеу­ші салаларын қаржылан­дырумен айналысып келеді. Осы тұрғыдан алғанда, “Қазақстанның Даму банкі” АҚ-тың отандық эко­но­миканы дамы­ту­­ға, елімізде қабыл­данған ин­дустриялық-ин­но­ва­циялық бағ­дар­ла­маны, Пре­зи­дентттің жыл сайынғы жолдау­ларынан туын­даған міндеттерді орындауда алар орны үлкен. Бүгін­де банк алдына ел экономика­сын әр­­тарап­тандыру­ға қатысты мақсат­тар қойылып отыр. Ол үшін банк энергетика, көліктік инфра­құры­­лымды дамыту, метал­лургия, химия және мұнай-химия өнер­кәсібін, құрылыс ма­териал­дары өндірісін, АӨК кешенінде қосыл­ған құны жоғары өнім шығару мен туризм саласын дамы­туға ар­нал­ған жобалар бойын­ша жұмыс істеуде. Осыған орай, банк өнеркәсіптің шикі­затқа жатпай­тын салаларында бәсекеге қабі­лет­ті және экспортқа арнал­ған өндіріс­терді, өнеркәсіп­тік, энер­гетикалық, көліктік және теле­ком­муника­ция­лық инфра­құры­лым нысан­дарын құруға және оларды жаңғыртуға арнал­ған жобаларды ұзақ мерзімді қаржы­лан­дыру бойынша қызмет­тің түр-түрін ұсыну­да. Аталмыш банктің мәлі­мет­теріне қарағанда, ол қар­жы­ландыратын инвести­ция­лық жоба­лардың көбі Қазақ­станда ал­ғаш рет жүзеге асырылу­да. Олар­дың ішінде Ақтау халық­аралық теңіз портын кеңейту, Астана және Алматы қалаларын­дағы кө­лік­тік-логис­ти­калық орта­лықтар, Өзен – Ақтау магистрал­ді резервтік желісі, Ас­тана-Алматы өңіріндегі байла­ныстың талшық­ты-оптикалық желі­сі, металл-крем­ний өндіру зауы­­ты­ның құры­лысы мен Шым­бұлақ тау-шаң­ғы кешенін дамыту және Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша керамогранит өндірісі зауытының жұмысын іске асыру сияқты ірі жобалар бар. Өткен жылы “Қазақстанның Даму банкі” АҚ-тың инвес­тициясы нәтижесінде бес жоба іске қосылды. ҚДБ-ның несие портфелі был­тыр 200 млн. долларға өсіп, 2 млрд. АҚШ долларын құрап отыр. Өткен жылы ҚДБ 8 коммер­ция­­лық банк бойынша 19 жоба­ны 345 млн. АҚШ доллары кө­лемінде қаржыландырды. Банк­тің басқарма төрағасы Ғали Ис­қалиевтің ай­туын­ша, бұл екінші деңгейлі банк­тердің өтімділігін тұрақтан­дыруға көмектесті. Ал ҚДБ-ның шетелдік әріптестері­мен отандық эконо­ми­каны дамы­ту мақсатында жасасқан келісім­деріне келер болсақ, былтыр әлем­дік дағдарысқа қарамастан, Қытай ЭксимБанкімен несие алу туралы келісімге қол қойыл­ды. Бұл құжат бойынше елімі­зге 5 млрд. доллар көлемінде қаржы келетін болса, банктің Қытайдың Мемле­­кет­тік даму банкімен жасас­­қан мәмілесіне байланысты елімізге тағы 400 млн. доллар көлемінде инвестиция тарты­ла­тын болып шешілді. Бұдан басқа ҚДБ Ресей­дің, Еуроодақ елдері мен Жапония­ның даму инсти­туттарымен қарым-қатынасты нығайтып, еліміздің тұрақты эко­номикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында бірне­ше несиелік келісім-шарттар жасас­ты. Банктің мәліметтеріне қараған­да, елімізге тартылатын бұл қаржы қайта өңдеу саласының барлық негізгі бағыттарына және өндірістік инфрақұрылымның көптеген жобаларына бағытталатын болады. Дастан КЕНЖАЛИН.