Шаһарда жаяу жүргіншілер өткелін проекциялық жарықтандырудың сынақ жобасы іске қосылды. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов жаңа жоба жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынғанын жеткізді.
«Жаяу жүргіншілерге арналған проекциялық өткел көптеген артықшылыққа ие. Мәселен, проекция жаяу жүргіншіні жарықтандырады және оны қараңғыда айқын көрсетеді. Автомобиль фараларының жарықтығы мен бағытына байланысты емес, түрлі ауа райында, жолда қар, шұңқырлар, мұз, батпақтар болған кезде де көрінеді», дейді қала әкімінің орынбасары.
Өткел әзірге қаладағы Сыпырған ата көшесі мен Әл-Фараби көшесінің қиылысы, Темірлан тас жолындағы Satti zhol жанар-жағармай бекетінің маңына қанатқақты жоба ретінде орнатылған.
ШЫМКЕНТ