• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Экономика 14 Сәуір, 2021

3 миллионыншы тонна алюминий

238 рет
көрсетілді

Зауыттың бүгінгі жетістігі – қызықты дерек. Яғни алюми­нийдің өндірілген 3 миллионыншы тоннасы 100 мыңнан астам Boeing 737 жолаушы ұшағын жасауға жеткілікті екен. Металлургтердің осындай өндірістік жетістіктері кәсіп­орынның өсіп-өркендеуіне, орнықты жұмыстың жалғасуына серпін беруде.

Жалпы, Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ еліміз тәуел­сіздік алғаннан кейін іске асырылған бірінші ірі индус­триялық жобалардың бірі. Зауыт еліміздегі алюминий өндіретін жалғыз кәсіпорын саналады.

– Біздің кәсіпорын үшін нә­ти­желерге қорытынды жасау дәстүрге айналған. Әрине 3 мил­­лионыншы мерейлі тонна тек сандық көрсеткіш емес. Бұл меже Eurasian Resources Group (ERG) құрамындағы «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ алюминий өндірісі басталған кезеңнен бергі  кәсіпорынның, метал­лург­тердің еңбек жеңісінің лайық­ты көрсеткіші, – дейді «Қазақ­­стан электролиз зауыты» АҚ пре­зи­денті Серік Дөңбек­баев. – Зауыттың барлық жұмысшы­­лары­на алғыс айтқым келеді. Кәсіп­­орын қазір әлемдегі 200 алюми­ний зауыт алыптарының ішін­дегі ең үздік ондық қатарында.

Ал зауыттың бірінші кезеңі 2007 жылы іске қосылды. 2010 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев өндірістің екінші кезеңін іске қосты. Сол жылы кәсіпорын алюминий өндірудің 250 мың тонна жылдық жобалық қуатына шықты. Сөйтіп жыл сайын өн­діріс көрсеткіші жоғарылай бер­ді. Мысалы, өткен жылдың  қоры­тын­дысы бойынша 265 мың тоннадан астам алюминий өнді­руге бет алды. 2007 жылдан бас­тап Лондон металл биржасын­да тіркелген өнім – А-8 бен А-85 жо­ғары маркалы бастапқы алю­ми­ний шығарады. Зауыт алюми­нийді әлемнің 20-дан астам еліне жеткізеді, соның ішінде Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Оңтүстік және Орталық Еуропа елдері бар.

– Зауыт 2013 жылы 1 миллио­нын­шы тонна өнім өндірді. 2017 жылы металлургтер өнім көлемін 2 млн тоннаға дейін жеткізді. Енді, міне, зауыттың іске қосылғанына 14 жылдай уақыт болды. Мен зауытта 13 жыл еңбек етіп келемін. Осы 14 жыл аралығында 3 миллион тонна алюминий құйған екенбіз. Біз үшін есте қаларлық күн, металдың мерейлі тонна­сын құю сәті бізге берілді. Көңі­лім толқыды. Өйткені біз мына қо­лы­мызбен зауыт қана емес, еліміздің металлургия өнер­кәсі­бінің дамуына үлес қосудамыз, – дейді  металлург Асқар Нұрпейісов.

Бұл күні зауыт алаңында алып кә­сіп­орынның жетістігіне арнал­ған ескерткіш тақта орнатылды.

– Зауыт металлургтердің ерен еңбегінің нәтижесінде отандық металлургияның көшбасшысына айналды. Бүгінде өңірде өндіріл­ген алюминий әлемнің 9 елі­не экс­портталады. Қазір алю­ми­­ний кластерін дамытуға қатысты ауқым­­ды жоспар жасалуда, – деді айту­­лы шараға қатысқан облыс әкі­мі Әбілқайыр Сқақов.

Жалпы, алюминий өндірісінің бүкіл технологиялық тізбегі: ресурстарды үнемдеудің жоғары деңгейіне, өнімнің талап етіле­тін сапасына және экологиялық қауіпсіздік стандарттарына сай болуға мүмкіндік беретін ең жаңа технологиялық шешімдерді қолдану арқылы салынған. Алю­минийдің алғашқы миллион тоннасын өндіруге металлургтерге 6 жыл уақыт қажет болса, тіпті 4 жылдан соң-ақ зауыт келесі миллион тоннаны өндірген еді. Енді, міне, тағы 4 жылдан кейін жаңа белес – алюминийдің 3 миллионыншы тоннасын өндірді.

Қазір зауыт халықаралық стан­дарттардың барлық талабына сай келетін отандық алюминий өн­діруде. Өндірілген алюминийдің сапа­сы нарықта да белгілі. Соңғы жылы қазақ­стан­дық нарықта сатылым көле­мінің өсуі байқалады – жалпы сатылымның 20 пайызына тең. Өнімнің негізгі бөлігі Еуропа мен көрші елдерге экспортталады. Әлемдегі алюминийді өндіру бо­йынша ең төмен шығынды кәсіп­орындардың бірі.

Павлодарда электролиз зауытын іске қосу нәтижесінде елімізде кен өндіру және глинозем алудан бастап (Краснооктябрь және Торғай боксит кен басқармалары, Керегетас әктас кеніші, Павлодар алюминий зауыты) дайын металды алғанға дейінгі (ҚЭЗ) толық өндірістік цикл тұйықталған алюминий кластері құрылды.

 

Павлодар облысы