Мемлекет басшысының өкімімен Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Марғұлан Бақытұлы Баймұхан 1974 жылғы 6 қыркүйекте Алматы облысында туған.
Польшадағы Краков Экономикалық Университетін тәмамдаған, сыртқы сауда мамандығы бойынша магистрі (1997), халықаралық маркетинг және менеджмент мамандығы бойынша магистрі (1998), PhD ғылыми дәрежесіне кандидат – экономика саласындағы философия докторы (2011), Ұлыбританияның Хертфордшир Университеті MscIM – Халықаралық басқару (менеджмент) магистрі (2016), Канаданың Ванкувер Университеті МВА – Іскерлік әкімшілік магистрі (2015).
ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының (2005) және ҚР СІМ Дипломатиялық Академиясының (2006) курстарын, Поляк халықаралық қатынастар Институты Дипломатиялық Академиясының бір жылдық бағдарламасы (2010) бітірген.
1996-1997 жж. - «Daewoo Electronics» компаниясындағы маркетинг және коммерция мәселелері жөніндегі менеджері.
1997-1999 жж. - Польшада «River System Ltd.» компаниясының экспорт бөлімінің маманы, кеңесшісі, аймақтық директоры (Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия елдері).
1999-2001 жж. - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің атташесі, үшінші хатшысы.
2001-2005 жж. - Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігінің атташе-консулы, үшінші және екінші хатшысы.
2005-2007 жж. - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ТМД істері департаментінің Халықаралық ұйымдар бөлімінің, Әскери-саяси ынтымақтастық бөлімінің кеңесшісі, басшысы.
2007-2013 жж. - Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігінің Кеңесшісі, Кеңесші-уәкілі.
2013-2015 жж. - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Сыртқы саяси талдау және болжау комитеті төрағасының орынбасары.
2015-2019 жж. - Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
2019 жылғы желтоқсаннан бастап - Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарды.
II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие.