• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Сәуір, 2021

Өскемен, Семей, Аягөз қызыл аймақта

1078 рет
көрсетілді

Бұл туралы бүгін коронавирусқа қарсы штабтың отырысында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтығытов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

– Кеше қызыл аймаққа Өскемен, Семей, Аягөз кірді. ШҚО бас санитариялық дәрігері 22 сәуірден бастап осы қалаларда карантиндік режимді күшейту туралы қаулыны республикамен келісуі керек, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары «мен карантиндемін» қосымшасын қайта қолдануды ұсынды.

Айта кетерлігі, Өскеменде сегіз мектеп карантинге жабылды

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің арнайы қаулысымен №2, 4, 7, 11, 37, 43, 47 және физика-математика (бұрынғы №25) мектеп оқушылары екі апта бойы үйден оқиды.