Нұр-Сұлтанда автономды дезинфекция және аялдама павильондарының қауіпсіздігін бақылау жүйесі ресми іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инновациялық жүйе Нұр-Сұлтан қаласы Қосшығұлұлы көшесіндегі жабық аялдамада орнатылды. Ол ауаны дыбыссыз дезинфекциялауды және бөлмені сағатына 200 шаршы метрге дейін иондауды қамтамасыз етеді.
Жүйе ауа айналымы бар бөлмеде 10 минут ішінде ауада ФХ174 КОЛИФАГ вирусының 99,9%-ын залалсыздандырады.
Ақылды жүйе қала тұрғындарына қоғамдық көлікті пайдалануға және өздерін қауыпсыз сезінуге мұмкіндік береді.
«Жүйенің бірқатар артықшылықтары бар. Ол қоршаған орта үшін қауіпсіз: пайдалану кезінде және одан кейін озон шығындылары болмайды. Қуат көзін аз тұтынады (150ВТ) қосарлы ауаны сүзу жүйесі, түтін сезбегі, нақты уақыт режимінде хабарлау жүйесі және жабдықты қашықтан басқару бағдарламалық жасақтамасы бар. Бұл шешім жұқпалы аурулардың таралуы мен жұқтыру қаупін сейілтеді және мутацияланған вирустарды залалсыздандыруға ықпал етеді», дейді жоба жетекшісі Руслан Еркетаев.
Естеріңізге сала кетейік, бұл шешім «Ақылды аудан» жобасы аясында «Astana Innovations» АҚ, «Сарыарқа» ауданы әкімдігімен және «ІТ Smart Solutions» ЖШС компаниясымен бірігіп жүзеге асырылуда.
Гаухар ҚАПАШ