• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 26 Сәуір, 2021

Мәскеуде жүрген мигранттар кімдер?

336 рет
көрсетілді

Қазір Мәскеуде 800 мыңдай шетелдік азамат жұмыс істейді. Бір жыл бұрын миллионнан астам адам болған. Олар – Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары, деп хабарлайды  Egemen.kz «РИА Новостиге» сілтеме жасап.

Бұл туралы Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Мәскеу қаласы бойынша бас басқармасына қарасты көші-қон бөлімінің бастығы Дмитрий Сергиенко айтты. 

«Мәскеуде тұратын шетелдік азаматтардың саны 21% -ға азайып, 789 мыңға жетті. Өткен жылдың дәл осы кезеңінде олардың саны миллионнан асқан еді», деді Д.Сергиенко Мәскеудің Қоғамдық палатасындағы қауіпсіздік, көші-қон саясаты және ұлтаралық қатынастар жөніндегі комиссияның отырысында.

Сондай-ақ олардың көпшілігі Ресейге заңды түрде келгендігін нақтылап өтті.

Ресейге визамен келген шетелдіктер қытайлықтар - 13%, Түркия мен Вьетнам азаматтары - 10%. 

«733 мың шетелдік жұмысшының көпшілігі Қырғызстан - 30%, Өзбекстан - 27%, Тәжікстан - 20% азаматтары», деді көші-қон бөлімінің бастығы. 

Оның айтуынша, 2021 жылдың бірінші тоқсанында шетелдік азаматтарды көші-қон бойынша тіркеуге алу көрсеткіші 41,4% -ға төмендеген. 

Көші-қонға тіркелген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың басым бөлігі Мәскеуге жұмыс істеу үшін келген. Ал Ресейде жүру мерзімін ұзартуға байланысты көші-қонға тіркелген шетелдіктердің саны 42% өскен.