• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Сәуір, 2021

Ұландықтар жаяу жүргіншіден қару тәркіледі

211 рет
көрсетілді

23 сәуірде сағат 20:20 шамасында Ұлттық ұлан 6697 әскери бөлімінің әскери жасағына екі әйел жолығып, «Жұлдыз» дүкенінің қасында белгісіз азаматтың қолынан тапанша көргендерін айтады, деп хабарлайды Egemen.kz

Әскери жасақ бастығы ефрейтор Рүстам Сатуалдин және патрульшілер қатардағы Диас Айдарбек, Нұртілеу Үрістамбеков айтылған ауданға беттейді. Сипаттамаға келетін азаматтың қасына жақындағанда әлгі ер адам қолын көтеріп, өз еркімен тәртіп сақшыларына беріледі. 

Ұландықтар азаматты ұстап, 102 нөміріне хабарлайды. Әскери жасақтар бойынша кезекшіні шақырып, Қостанай қаласының Солтүстік полиция бөліміне жеткізеді.

Тінту барысында 1985 жылы туған азаматта өзімен пневматикалық GIetcher NGT 4.5 mm BIack (Наган) тапаншасы және 4 оқ-дәрі табылған.