• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Мамыр, 2021

Солтүстік Қазақстанда соғысқа қатысқан 27 ардагер бар

442 рет
көрсетілді

Облыстық Ардагерлер ұйымының төрағасы Ескендір Елеусізов ағамыздың айтуына қарағанда олардың 22 Қызылжар қаласында, ал 5 аудандарда тұрады.

Жеңіс күнінің қарсаңында бәріне де облыстық бюджеттен 1 млн теңгеден сыйлық беріледі. Сонымен қатар әрқайсының үйінің алдына барып, патриоттық әндер орындалып, қарттардың көңілдерін көтеретін болады. Осыған дейін облыстық «Қызылжар» телеарнасы әрбір ардагерге арнап ролик түсірген. Олар осы күндері көрсетіліп жатыр.  Қазір ардагерлердің ең үлкенінің жасы 101-де, ал «ең жасы» 95-те.

Облысты Тыл еңбеккерлерінің саны 5600 адам. Оларға лайықты сый-сияпат жасалатын болады. Бұлардың көбі соғыс жылдарында 16-17 сағаттан жұмыс істеген жасөспірімдер. Соның ішінде орден-медаль алғандарының саны – 136. Олардың әрқайсына азық-түлік пакеті және 30 мың теңгеден бір мезгілдік көмек беріледі.