• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Мамыр, 2021

Теміржолшылар қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады

513 рет
көрсетілді

Теміржолшылар ковидке қарсы санитарлық талаптарды сақтай отырып, осы жылдың бірінші тоқсанында темір жол төсеміне жақын жерде тұратын тұрғындар арасында темір жолдарда болу қаупі туралы 840-тан астам алдын алу әңгіме өткізді.

Станса мен депо қызмет­керлері темір жолда болу ере­­­желерін үнемі түсіндіріп отырады. Іс-шараның басты мақсаты – қауіпті аймақта азаматтардың жарақаттануы жағдайларының алдын алу. Теміржолшылар темір жолды белгіленбеген жерден кесіп өтетін адамдар шойын жолдың бойында апат тудыратынын айтады. Бейқам жаяу жүргінші үшін жолдың қысқаруы уа­қыт үнемділігі емес, ауыр зар­даптарға әкеледі. Желілік полиция, әскерилендірілген күзет, магистралдық желі қызметкерлерімен бірлесіп, қаңтар-наурыз аралығында темір жолдар арқылы адам­дардың жаппай өтуіне рұқсат етілмеген орындарға 380-ге жуық рейд жүргізілді. Алға­шында тәртіп бұзушыларға ескерту жасалды. Сонымен қатар оларға темір жолдың қа­уіп­тілігі жоғары аймақ екен­дігі туралы дәрістер оқыл­ды. Темір жолдармен жү­ру­ге тыйым салынады, бұл үшін ар­найы бел­гіленген және жаб­дықталған орындар­дан: жаяу жүргіншілер өткел­де­рінен, көпірлерден, тиісті бел­гілермен белгіленген жерлер­ден ғана өту керек.

Темір жол жанында құлақ­қап киюге, жылжымалы құ­рамның астынан өтуге, келе жатқан немесе жөнелтілген пойыз жанымен жолаушылар платформасы бойымен жүгіруге, вагондарға жабысуға тыйым салынады.

Ұқыпсыздық пен темір жол ережелерін сақтамау денсау­лықтан айырылу мен өлімге  әке­луі мүмкін.