Соңғы мәліметтерге сәйкес, Алматыда 2021 жылдың 7 мамыр күні жағдай бойынша коронавирустық инфекцияны тағы да 646 адамның жұқтырып алғаны анықталды, оның 600 симптомдық белгілері бар және 46 симптомсыз, деп хабарлайды Egemen.kz
Мегаполисте кешегі тәулікте емделіп шыққандар саны – 243 болса, олардың орнына 312 сырқат келді.
Барлық инфекциялық стационарларда 3 399 алматылық індеттен емделіп жатыр адам,оның ішінде 106 бала бар.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінде – 234 сырқат жатыр. Оған қоса 4 659 науқас амбулаториялық бақылауда, оның ішінде 4 046 науқаста жеңіл және орташа дәрежедегі симптомдық белгілері бар және 613 симптомсыз.
Сондай-ақ, соңғы бәр тәулікте Алматы қаласында 3 018 адам вакцинация алды. Биылғы 1 ақпанннан бері Алматыда 247 104 адам вакцинацияланды.
Бүгінгі таңда 214 вакцинация пункті жұмыс істейді, 315 вакцинация бригадасына, 1 282 медицина қызметкері мен көшпелі мобильді бригадалар жұмылдырылған.
АЛМАТЫ