• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Мамыр, 2021

Алматыда 3,5 мың адам ауруханаларда індетпен күресіп жатыр

126 рет
көрсетілді

Соңғы күндері мегаполисте індеттің таралуы бәсең тартқандай болғанымен, 9 мамырда 570 адамның жаңадан індет жұқтырғаны тіркелді, оның 467-сі симптомдық белгілері бар, 103-і симптомсыз, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауруханалардан емделіп шығарылғандар саны – 157 болса, орнына келіп түскені – 225 адам.

Барлық инфекциялық стационарларда (6 060 төсек-орын) 3 513 науқас емделіп жатса, оның ішінде 108 бала бар.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінде 222 сырқат бар. ӨЖЖ – 29, инвазивті емес ӨЖЖ – 68, High flow-да 96 аппарат жұмыс істеп тұр.

Оған қоса 4 480 науқас амбулаториялық бақылауда, оның ішінде 3 889 науқаста жеңіл және орташа дәрежедегі симптомдық белгілері бар және 591 симптомсыз. Сондай-ақ Алматы қаласында бір тәулік ішінде 1 554 адам вакцинация алды. 01.02.2021-09.05.2021 жыл аралығында қала бойынша барлығы 250 659 адам вакцинацияланды.