• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Мамыр, 2021

Бішкекте Абай Құнанбайұлына ескерткіш орнатылады

136 рет
көрсетілді

Қазақстан және Қырғызстан басшылары бірлесіп қол қойған екі елдің ынтымақтастық жоспары аясында қырғыз елінің астанасы Бішкек қаласында  қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлына ескерткіш орнату жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осы орайда сала мамандары арнайы жиын өткізіп, ескерткіш орнату жұмыстарына қатысты мәселелерді ортаға салды. Жиынға арнайы қатысқан Қазақстан Республикасының Қырғызстан елшілігіндегі кеңесшісі Жәнібек Жумбергенов, Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет өнер істері департаментінің бас сарапшысы Азамат Жолаев, «Қазқайтажаңарту» РМК бас директоры Махаббат Бигелдиев, Ғылыми-зерттеу жобалау филиалының архитекторы Өмірсерік Ахметов қырғызстандық  әріптестермен,  яғни «Бішкек архитектура» өкілдерімен кездесіп қайтты.

Басқосуда, жобаға қатысты мәселелер пысықталып, тараптар арасында жоспарланған іс-шаралар жайында келіссөздер жүргізілді. Сонымен бірге алдағы атқарылатын жұмыстар белгіленді.